Бөлісу
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» АҚ (ҚAO) мәліметінше, Chevrolet бренді өсімді көрсетіп, 3 821 автокөлік сатып (өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +21,8% құрады), Қазақстанда 2023 жылдың қазан айында ең көп сатылатын жаңа автомобильдер арасында көшбасшы болды.
2023 жылғы қазан айында Қазақстанда ресми дилерлік орталықтар арқылы 17 115 жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техника сатып алынды, бұл ресми автокөлік нарығындағы оң серпін болып табылады. 2023 жылдың 10 айында Қазақстанның ресми дилерлері 156 288 автомобиль өткізді (өсім ӨЖСК қарағанда +59,6% құрады).
Ең танымал 5-топ модельдерінің қатарына 2023 жылдың қазан айында халықтық брендтің екі моделі енді. Дәстүрлі түрде бестселлер - Chevrolet Cobalt (2 329 бірлік) көш бастап келеді, Chevrolet Onix моделі (841 бірлік) тек бағасына қарай емес, сонымен қатар, опционалды жабдықталуында да ең тиімді ұсыныстың арқасында төртінші орынға көтерілді.
Қазақстанда дәстүрлі түрде жоғары пайыз седандарға тиесілі - ағымдағы жылдың 10 айында жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техника құрылымында 44%. Солай бола тұра, өткен жылмен салыстырғанда седандар пайызы ресми нарықта 9 көрсеткішке төмендеп, 2022 жылы 53% -ды құрады.
10 айда Chevrolet 35 768 жаңа автокөлік сатқан (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім +29,5% құрады).
Анықтама үшін
Екі жыл қатарынан, 2022 және 2023 жылдары Chevrolet Cobalt "Қазақстанның үздік тауары" байқауының Қостанай облыстық кезеңінде "Халық үшін үздік тауар" номинациясында жеңіске жетті.
Kolesa.kz жыл сайынғы Award сыйлығының қорытындысын шығарды, онда Chevrolet Cobalt 2022 жылғы "Үздік модель" номинациясында жеңіске жетті.
Тағы да жаңалықтар